Жалмуханова Аксауле Есбаевна-«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің директоры, басшы-ұйымдастырушы. Педагогикалық өтілі –33 жыл.
Жалмуханова Аксауле Есбайқызы-1972 жылдың желтоқсан айының 8-ші жұлдызында, Туркменстан Республикасы, Небит-Даг қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Ақтау қаласының Маңғыстау педагогикалық колледжіне түсіп, балабақша тәрбиешісі мамандығын 1994 жылы алып шықты.
Ұрпақ болашағы- ұстаздан. Ұстаз болу- жүрек жылылығын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту десек «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ-нің басшысы Жалмуханова Ақсәуле Есбайқызының бұл саладағы еңбегі зор.
2000-2003 жылдар аралығында қаладағы №12 жалпы білім беретін бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2003-2010 жылдарда директордың тәрбие жөніндегі орынбасар қызметін атқарды.
2011-2016 жыл аралығында Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап мекеме басшысы қызметінде.
Ақсәуле Есбайқызы өзінің табиғи болмысымен, көпшілікпен тіл табыса білетін мінезімен, рухани мол білімімен, көшбасшылық шеберлігімен, әдіскерлік тәжірибесімен танылған тұлға. Көзге көрінбейтін қиындықтармен қызыққа толы ұстаз еңбегінің өлшемдері алғыстар мен марапаттарға ие.
- Білім министрлігі алғысы.
- Құрмет грамотасы республикалық кәсіподақ федерациясы-2020ж.
- Алғыс «Сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін» Маңғыстау облысының білім басқармасы
- Қала әкімінің алғыс хаты-2021ж.
Басшы болу – қашанда абыройлы да жауапты іс. Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен, ұжыммен басшы болудың жауапкершілігін өз ісімен көрсетіп келеді.
А. Жалмуханова ұжым арасында беделі биік, үлгілі отбасы, ұлының анасы, немерелерінің сүйікті әжесі.
Ұзақ жылдар мектебіміздегі адал еңбегі үшін «Еңбек күні» қарсаңында мектеп ұжымының атынан Жалмуханова Аксауле Есбаевнаға алғысымызды білдіреміз. #еңбеккүні #еңбекадамы