Бекишов Оразбай- технология пәні мұғалімі, ардагер ұстаз. Педагогикалық өтілі-40 жыл.
Ұрпақ болашағы-ұстаздан. Ұстаз болу-жүрек жылуын, адамгершілік ұлылығын, баланың бойына дарыту десек, Бекишов Оразбайдың бұл саладағы еңбегі зор. «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде, шәкірт оқытуда сабырлы мінезімен, ақылымен, әрбір баланың жүрегіне жол таба білген ардагер ұстаз. Ұстазымызды Еңбек күнімен құттықтай отырып, толағай табыс тілеп, зейнеткерлік демалысының сәтті болуына тілектеспіз. #еңбеккүні #еңбекадамы