МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн. Айтулы мерекеде барша қазақ елін Республика күнімен құттықтаймыз!
25
Қазан
2023
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2023 жылы қазан айының 23-жұлдызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында «Қазақстан-Республикам менің!» атты тақырыпта әнұран орындау челленджі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың бойына патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру болып табылады

18.10.2023 жылдың қазан айының 18-ші жұлдызында мектебіміз «Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында қала мектептерінің директорларының оқу ісі орынбасарлары, АПМПК меңгерушісі Л.Менешова, қалалық білім бөлімінің маманы А.Елешованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, арнайы білім беру мен инклюзивті білім берудің және сол категорияларға жататын оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер талқыланды.
10
Қазан
2023
|

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагогикалық ұжымға психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингке барлығы 18 педагог қатысты. Тренинг барысында мектебіміздің медбикесі Абдулаева А. «Психологиялық денсаулық-денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада стресс, стресс белгілері, қарсы тұру факторлары т.б. туралы түсінік берілді.
10
Қазан
2023
|
Кемалова Айбиби Амангелдиевна-кітапханашы. Еңбек өтілі-27 жыл
Адамның адам болып қалыптасуына ұстаз бен қатар мектеп кітапханасының рөлі зор.
Мектебіміздің кітапханашысы Айбиби Амангелдиевна арнайы мамандандырылған, өз жұмысын жетік меңгерген, ұстаздар мен оқушыларға қол ұшын созып, үнемі көмек беріп, қолдау көрсетіп отыратын білікті маман. Айбиби Амангелдиевнаны Еңбек күнімен құттықтаймыз! Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейміз! #еңбеккүні #еңбекадамы
10
Қазан
2023
|
Уразгалиева Тлектес Конарбаевна- бастауыш сынып мұғалімі.
Педагогикалық өтілі - 36 жыл. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр баланың жанына білім дәнін себеді, әрбір шәкіртін аялап өсіріп, өзіне-өзі қызмет жасап, өмір сүре білуге тәрбиелейді. Осындай ұстаздардың бірі Уразгалиева Тлектесті Еңбек күнімен құттықтаймыз! Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейміз! #еңбеккүні #еңбекадамы
10
Қазан
2023
|
Бекишов Оразбай- технология пәні мұғалімі, ардагер ұстаз. Педагогикалық өтілі-40 жыл.
Ұрпақ болашағы-ұстаздан. Ұстаз болу-жүрек жылуын, адамгершілік ұлылығын, баланың бойына дарыту десек, Бекишов Оразбайдың бұл саладағы еңбегі зор. «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде, шәкірт оқытуда сабырлы мінезімен, ақылымен, әрбір баланың жүрегіне жол таба білген ардагер ұстаз. Ұстазымызды Еңбек күнімен құттықтай отырып, толағай табыс тілеп, зейнеткерлік демалысының сәтті болуына тілектеспіз. #еңбеккүні #еңбекадамы
10
Қазан
2023
|
Кайрлиева Рабиға Мұратқызы- ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин иегері, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің ардагер ұстазы. Педагогикалық өтілі -40 жыл.
Педагогика саласында үздіксіз еңбек еткен, ұстаздар мен оқушылар арасында зор беделге ие болды. Бүкіл саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбиелеуге жұмсаған ұстазды өз ісінің маманы деп айтуға әбден болады.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» демекші, Рабиға Мұратқызын өзінің еңбек жолында қандай ұстаз екенін дәлелдеген үздік ұстаздардың бірі. Ұстазымызды Еңбек күнімен құттықтай отырып, толағай табыс тілеп, зейнеткерлік демалысының сәтті болуына тілектеспіз. #еңбеккүні #еңбекадамы