МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрметті ата-аналар!
«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-сі азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында мектеп директоры мен директордың орынбасарларының байланыс телефондарын жариялайды.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
12.04.2023 күні Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Аяулы алақан" қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Жәрмеңкені өткізудегі мақсат: мектебіміздегі өмірлік қиын жағдайдағы, әлеуметтік көмекті қажет ететін ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларымыздың отбасына көмек көрсету. Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс ұйымдастырылған бұл жәрмеңкеге мектебіміздің ұстаздары үлкен үлес қосты.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Көктем келді ... Бұл табиғаттың оянатын уақыты ғана емес, сонымен қатар тазалық пен тәртіп орнататын уақыт. Біздің мектепте көктемгі сенбіліктер өткізу дәстүрге айналды. Сондықтан сәуір айы - ауланы, қаланы, жерді тазалаудың дәстүрлі кезеңі.
Осы орайда биыл 2023 жылдың сәуір айында ай бойы мектеп ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке барлық мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігі және қызметкерлерде ат салыса қатысты. «Біз тазалықты сүйеміз» ұранымен мұғалімдер мектептің ауласын қоқыстардан тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, суарды. Ағаштардың артық бұталарын кесіп, көгалдандыру, әктеу жұмыстарын жалғастырды. Мектеп ауласы тазарып, көрікті аулаға айналды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп мектеп ұжымы ұйымшыл ауызбіршілікпен сенбілікті аяқтады.
28
Сәуір
2023
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Осы атаулы мерекеге орай, «Денсаулықты сақтау бұл сәнді» тақырыбындағы мектеп ұжымы және оқушылардың бірлескен түрдегі іс-шаралары өткізілді. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара болғандықтан мектеп ұжымы белсене ат салысты.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2023 жылдың сәуір айының 3-ші жұлдызында логопед Жұмабаева Ақсана «Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі» атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Аутизм туралы түсінік беру, оның пайда болу себептері мен түзету жодарымен таныстыру. Тәжірибе жүзінде үй жағдайында ойнауға болатын ойын түрлерін көрсету.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Іс-шараның мақсаты: Аутизм туралы ақпарат беру. Аутизммен ауыратын оқушылармен қарым қатынас жасау. Концерттік бағдарлама.
Аутизм күніне арналған іс-шарада, Аутизм туралы көптеген ақпараттар берілді. Аутизмнің белгілерімен таныс болу үшін бейнеролик көрсетілді. Мектебіміздің 6 сынып оқушысы Сүйіндік Аслан «Қазақ жастары» әнін орындады. Логопед Жарылқасынова Гүлжанат балаларға қызықты ойындар жүргізді. Музыка пән мұғалімі-Сериков Арсен «Анашым» әнін орындады. Түзету мамандары «Бақытты балалық шақ» хор орындады.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Наурыз айының 20-шы жұлдызында "22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні" қарсаңында жылда өтетін дәстүрге сай қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысы той әнімен басталып, мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау тілегімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектебіміздің директоры білім жүйесіндегі қажырлы еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы белсенді қызметі үшін Туякбаева Жадрасын, Дошимова Қымыз, Джумалиева Айжазық марапатталды.
14
Наурыз
2023
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз – "Көрісу күні" амал мерекесіне орай, сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып іші мерекеге сай безендірілген.
Амал мерекесі қарсаңында «Бауырсақ party» шарасы да ұйымдастырылды. Бірлестіктер бойынша бауырсақтың түрлерін пісіріп дайындады.