12.09.2022 жылы күні мектебіміздің логопед-дефектолог мамандары Жұмабаева Ақсана, Қожабергенова Нургүлдің жоспар бойынша ұйымдастыруымен 1-10 сыныптар арасында флешмоб іс-шарасы өтті. Акт залда бұл іс-шараға барлық оқушылар қатысты. Алдымен ұйымдастырушылар отбасы күнімен құттықтап, әдемі би шарасын өткізуге сәттілік тіледі. Әрі қарай үзінді әуендермен флешмоб биімен жалғастырды. Бұл шара барлық оқушыларға жақсы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.