2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызы мектебімізде «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты тақырыпта мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын мектебіміздің басшысы Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау сөзімен ашылды. Мектебіміздің басшысы ұжымды мерекемен құттықтап, ұстаздарға Маңғыстау облысының білім басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс және құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сонымен қатар, мерекелік шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары Қайрлиева Рабиға, Бекишов Оразбай, Мұқанова Үміт, Оңалдыкова Айсұлу, Наурызбаева Ынташ апайларымыз қонаққа келді. Өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздар күнімен құттықтады. Ұстазға арналған мерекенің адамзаттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа кендігін айтып өтті. Ал бұл сөзді естіген кез-келген жанның көз алдына парасатты, білімді, жылы жүзді адам елестейтіні сөзсіз. Осы ұстаздарымыздың құрметіне мектебіміздің өнерлі жас мамандары өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты жиын әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.