Бар мейіріміміз балаларға!
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»,-деген екен дана халық. Қайырымдылық –халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Бар мейіріміміз балаларға!» дегендей қамқорлықты алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
12 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы №24 мектеп-лицей мектебінің 11-сынып оқушылары, мектеп басшысы Батырова Қалдыбике Мадиярқызы, сынып жетекшісі Таттиева Айнұрдың қолдауымен қайырымдылық іс-шарасы ретінде мерекелік шара өткізді. Мерекелік шараға қонақ ретінде мектебіміздің алғашқы директоры, бүгінде зейнеткер ардагер ұстаз Қайрлиева Рабиға Мұратқызы, Оңалту орталығының директоры Нұртаева Ж.А, аймақтық педагогикалық медициналық психологиялық консультациясының меңгерушісі Менешова Л.О. қатысты. Әрі қарай шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Аталмыш шараға №24 мектеп-лицейінің оқушылары мектебіміздің оқушыларына сый ретінде шахматтар, доптар сыйға тартты.