11.11.2022 жылы күні мектебімізде жылдағы дәстүрлі мерекеге айналған «Берекелі, Алтын күз!» атты күзгі бал мерекесі өтті.
Күзгі бал мерекесі сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа әр сыныптан 6 жұп қатысты. Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Күзгі сый», «Сән үлгісі» шарттары бойынша сынға түсті. Бұл кештің ерекшелігі күзгі балдың Ханзадасы мен Ханшайымын іріктеп шығару. Сайысқа әділ баға беретін әділ-қазы мүшелері тағайындалып, сайыскерлерді 3,4,5 ұпай бағаларымен бағалады.
Әділ-қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, күзгі балдың ханшайымы мен ханзадасын анықтады. Алайда сайыс қорытындысы бойынша қалыс қалған жұп болған жоқ. Әрқайсысының көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялармен марапаттады.
Атап айтатын болсақ:
Бас жүлде күз Ханзадасы мен Ханшайымы - Ялкасбай Нұрасыл мен Қадырбай Перизат.
І орын-Сүйіндік Аслан мен Самбайқызы Бағлан.
ІІ орын-Сүндетбай Мейірбан мен Танатарова Жанарай
ІІІ орын-Дүйсен Тілеген мен Мантакова Дана.
«Ынталандыру» номинациясына - Жүсіпбай Мейрамбек, Орунтурды Мөлдір.
«Ең әдемі күзгі сән үлгісі» номинациясына - Артыков Бекзат пен Актулен Нұрайна
Жалпы қорыта айтқанда күзгі бал мерекесі жақсы деңгейде өтті. Күзгі бал мерекесін мектебіміздің музыка жетекшісі Сериков Арсен «Күзгі қайың» әнін орындап аяқтады. Сайысқа қатысқан сайыскерлерімізді мектебіміздің оқу ісінің орынбасары Момбаева Айгүл Төлекбайқызы құттықтап, күзгі бал мерекесін қорытындылап өтті.