23.11.2022 жылы күні жоспар бойынша музыка жетекшісі Сериков Арсен оқушылар арасында «Таланттар арамызда» атты тақырыпта ән байқауын өткізді.
Шараның жүргізу барысын музыка жетекшісі өлең шумақтармен ашты. Бүгінгі өнер байқауының мақсаты - шығармашыл, дарынды жастарды анықтау. Байқауға қатысушылар ереже бойынша еркін тақырыпта ән орындады.
Оқушылар сахнада өздерінің сүйікті әндерін орындап, көрермендерді таң қалдырды.
Ән айтқан оқушылар:
- 5 А сынып оқушысы Халмұрат Бекзат пен Нұрайна «Менің әкем ең жақсы адам»
- 6 А сынып оқушысы Сүйіндік Аслан «Ақ көйлек киген, көк көйлек киген»
3.6 Ә сынып оқушысы Жумабай Мейрамбек «Жаяу»
4.7 А сынып оқушысы Қадырбай Перизат пен Ялкасбай Нұрасыл «Балдаурен»
5.8 Ә сынып оқушысы Таңатарова Жанарай «Күзгі қайың»
6.9 А сынып оқушысы Дүйсен Тілеген «Анашым» әндерін орындап шықты.
7.10 А сынып оқушысы Толыбай Нұр «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап шықты.
Іс-шара соңында ән орындаған барлық қатысушыларды мектебіміздің директоры Жалмуханова Аксауле Есбайқызы құттықтап, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.