15.12.2022 жылы күні мектебімізде 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толды. Бұл–қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз бір жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Осы орайда мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай, жас мамандар және оқушыларымыз ат салыса қатысты. Музыка жетекшіміз Сериков Арсен мерекелік шараны «Жаса Қазақстан» әнімен ашып берді.
Әрі қарай мектеп басшысы Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы ұжымды мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. 6 сыныптың оқушылары «Флешмоб» биін орындады. Жас мамандарымыз үш тілде «Детство» әнін шырқады. Видеороликтен ұжымның құттықтау тілектері көрсетілді. Әрі қарай 7 сынып оқушылары қазақи нақышта киініп «Кесе» биін орындады. Мерекелік шара жақсы деңгейде өтті. Көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.