«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні» бойынша, мектепте оқушылармен алдын алу бағытында төмендегідей іс-шаралар жоспары құрылып, ұйымдастырылып өткізілді.
Жоспарға сай, 01 желтоқсан 2022 жылы арнайы мектеп мұғалімдері бастауыш және баяндауыш сыныбындағы оқушыларға сауаттылығын анықтау мақсатында «ЖИТС туралы не білесің?» тақырыбында сауалнама алды, сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың сауаттылығы орташа деңгейде екендігі анықталып, оқушылармен қосымша ағарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар СПИД-тің адам өміріне келтіретін нұқсаны жайлы кеңінен хабардар етті.
«Салауаттылық-денсаулық негізі» тақырыптарында дене шынықтыру пәні мұғалімі Наукебаев Габит оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін жағымсыз жат қылыққа бой алдырмай саналы ғұмыр кешу өз колдарында екені айтылды, және оқушыларға патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Жаса Қазақстан» әніне оқушылар флешмоб биін биледі. Аталған іс-шараға қатысып отырған оқушыларға мынандай сұрақтар қойды.
Қорытындылай келе, ВИЧ/СПИД ке қарсы халықаралық күрес күніне арналған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.