Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдасатырылған «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты жаңа жыл мерекесі облыс орталығында 25.12.2022ж «Grand Nur Plaza» салтанат залында өтті. Жаңа жылдық мереке арнайы ұйымдастырылған бағдарлама бойынша өткізілді. Жаңа жылға мектебіміздің директоры, жауапты мамандар, медбике, мерекеге іріктеліп алынған 5 оқушы қатысты. Мерекелік шарада әсем шырша, аяз ата мен ақшақар, ертегі кейіпкерлері, әсем шырша, оқушыларға арналып жасалған дастархан болды. Мереке соңында оқушылар кейіпкерлермен естелікке суретке түсті. Оқушыларға берілетін сыйлықтарды алдын ала өзіміз алып, оқушыларымызға ата-аналарымен бірге мектебімізге шақырып таратып бердік.
Мектебіміздегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары ішінен 5 оқушыға 100000(жүз мың теңге), балаларға арналған ертегілер кітабы, құттықтау қағаздары, ойыншықтар, тәттілер берілді.