07.03.2023 жылы күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің бәйтерегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің музыка жетекшісі Сериков Арсеннің орындауында «Біздің елдің қыздары» атты әнімен ашылды. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді. Сонымен қатар, білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие беруде қосқан елеулі еңбегі
үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқаны үшін Орысбай Жаңылсын, Хусаинова Гүлзия, Курбанова Амангүл, Усерова Гүлнар мектепшілік алғыс хатпен және Білім және Ғылым министрлігінің құттықтау хатымен Уразгалиева Тлектес, Сандыбаева Қамар марапатталды.
Мерекелік шара ер азаматтардың ат салысуымен концерттік бағдарламамен өтті. Мерекелік –шара ұжымға жақсы көңіл-күй сыйлады.