Наурыз айының 20-шы жұлдызында "22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні" қарсаңында жылда өтетін дәстүрге сай қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысы той әнімен басталып, мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау тілегімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектебіміздің директоры білім жүйесіндегі қажырлы еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы белсенді қызметі үшін Туякбаева Жадрасын, Дошимова Қымыз, Джумалиева Айжазық марапатталды.
Мерекелік шара қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындармен концерттік бағдарламамен жалғасты. Іс –шара барысында қазақтың ұлттық ойындары «Ләңгі», «Қол күрес», «Бес тас», «Арқан тартыс» сияқты ойын түрлерімен сайыс ұйымдастырылып, жеңіске жеткен қатысушыларға сыйлық тарту етті. Сонымен қатар жас келіндер арасында сәнді қазақи киім мен сәлем ету рәсімі де өтті. Шара өте жақсы деңгейде өтті.