Көктем келді ... Бұл табиғаттың оянатын уақыты ғана емес, сонымен қатар тазалық пен тәртіп орнататын уақыт. Біздің мектепте көктемгі сенбіліктер өткізу дәстүрге айналды. Сондықтан сәуір айы - ауланы, қаланы, жерді тазалаудың дәстүрлі кезеңі.
Осы орайда биыл 2023 жылдың сәуір айында ай бойы мектеп ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке барлық мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігі және қызметкерлерде ат салыса қатысты. «Біз тазалықты сүйеміз» ұранымен мұғалімдер мектептің ауласын қоқыстардан тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, суарды. Ағаштардың артық бұталарын кесіп, көгалдандыру, әктеу жұмыстарын жалғастырды. Мектеп ауласы тазарып, көрікті аулаға айналды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп мектеп ұжымы ұйымшыл ауызбіршілікпен сенбілікті аяқтады.