28.04.2023 жылы күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулығымыз бір шаңырақ астында!» тақырыбында мерекелік іс шара өтті.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Шара сайыс түрінде өтті. Әр сыныптар өзбек, қазақ, орыс, үнді, түркмен ұлттарының биін билеп, өз тілдерінде таныстырып, тілектерін білдірді. Киім үлгілерімен көрерменді таң қалдырды. Мерекелік шара соңында мектеп директоры бірлік күніменен барша ұлт өкілдерін құттықтап, тілегін білдірді. Мерекелік шара «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды, естелікке суретке түсті.