2.05.2023 жылы күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» яғни туған өлке табиғатына оқушылармен бірге сынып жетекшілер саяхат жасады. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы комитетінің басшысы Нурмухамбетов Ж.Э меңгерушісі Хажабаева С.О оқушыларды жақсы қарсы алды. Үстірт қорығының меңгерушісі саяхат барысында оқушыларды өсімдіктердің, жануарлардың және теңіз бұйымдарының түрлерімен таныстырды. Соның ішінде «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерге
сипаттама берді. Өсімдіктердің адам денсаулығына пайдалы жақтарымен бөлісті, өсімдіктің бөлімдерінің түрлі ауруларға ем ретінде қолдануға болатындығы туралы мәлімет берді. Әрі қарай көненің көзі қазақи ұлттық киімдерге де шолу жасады. Үстірттегі саяхат оқушыларға өте қызықты болды. Барлық сыныптар саяхат барысында естелікке суретке түсті.