2023 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай "Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері мен оқушылары бір уақытта диктант жазды.