Биылғы 2022-2023 оқу жылының аяқталуы «Халықаралық балаларды қорғау күнімен" тұспа- тұс келді.
01.06.2023 жылы күні жылдағы дәстүрге сай «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында, алаң шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі өлең шумақтарымен ашылды. Одан кейін «Соңғы қоңырау» әнімен мектеп бітіруші түлектер ортаға шақырылды. Салтанатты жиын Қазақстан республикасының әнұранымен басталды. Іс-шараның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы және келесі сөз кезегін ардагер ұстаз Қайрлиева Рабиға Мұратқызына берілді. Мектеп директоры бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан жас мамандарымыз Қожабергенова Нұргүл,
Қуанышбекова Маржан және Ізімбергенов Нұрсерікті алғыспен марапаттап құттықтады, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Жиын жас мамандардың, оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Бітіруші түлектеріміз ұстаздарымен «Қоштасу вальсін» биледі.
9 сыныптың сынып жетекшілері де оқушыларына жақсы тілектерін білдірді. Ата-аналар да сө сөйлеп ұстаздарға, мектеп басшыларына алғыстарын жаудырды.
Соңғы қоңырауды соғу рәсімі мектебіміздің 9 сынып түлегі Суюндыков Абдрахман мен 1 сынып оқушысы Амангелді Айаруға берілді. Салтанатты жиын өз мәресіне жетіп, Сериков Арсен мен Қуанышбекова Маржанның орындауында «Қош бол, мектебім» әнімен аяқтады. Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар естелікке суретке түсті.