ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

      «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де  2021жылдың  25.01-10.02 күні аралығында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбында жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының  іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

      Жоспарға сәйкес оқушылар арасында  «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты тақырыбында логопед мамандары Айтқұл Камшат, Дүйжанова Айда арт-акциялар ұйымдастырды.

      27.01.2021 жылы күні жоғары сынып оқушылары арасында заман талабына сай Оймағанбетова Балжан, Жарылкасынова Гүлжанат «Флешмоб» биін өткізді.

      01-05.02.2021 жылы күні сынып жетекшілер «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағаттары уақытылы жақсы деңгейде өтті. Оқушылар ризашылықтарын ата-аналарына, бауырларына, ұстаздарына өлең шумақтарымен жеткізді.

      03.02.2021 жылы күні мектебіміздің психолог маманы Ермекбаева Жансая «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» атты жоғары сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізумен жалғастырды. Дөңгелек үстел барысында психолог тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтермен, ойындармен бөлісті. Дөңгелек үстел оқушылардың көңілінен шықты.

      04.02.2021 жылы күні Әлеуметтік педагог Ислам Майра «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» атты қайырымдылық акция шарасын өткізді. Қайырымдылық акциясы концерттік бағдарламамен басталды. Акция барысында мектепте жетім, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында оқу құралдармен, мектеп формасы, сыртқы киімдермен қамтамасыз етті.

      Сонымен қатар мектебіміздің педагог-психологы 3 оқушыға: Сарыев Алдияр, Орынбасар Бақыт, Еркебай Бақбергенге сырт киім беріп, қайырымдылық жасады.  Мектеп жас  мамандары қайырымдылық акциясына келген барлық оқушыларға шағын сыйлықтарын ұсынды.

 

    Тәлімгер: Туякбаева Ж.Е.

© 2023. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .