ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 - наурыз Алғыс айту күніне орай «Игі іс жаса» атты  қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Алғыс айту күніне байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара мектебіміздің АКТ залында, ерекше оқытуды қажет ететін мектебіміздің балаларына қол ұшын берген, қаламыздағы іргелі оқу орын Маңғыстау облыстық медициналық колледжі ұстаздары, студенттері және ерікті жастарының  қатысуымен өтті. Іс-шара барысында мектебіміздің оқушылары Базарбай Асқар, Таңатарова Жанарай, Актулен Нұрайна, Марат Аянат, Орынтурды Мөлдіржәне түрлі кейіпкерлер киімдерімен киінген жас мамандар ән айтып би биледі.

«Игі іс жаса» атты қайырымдылық шарамыздың ұйымдастырылуына Маңғыстау облыстық медициналық колледжі студенттері және ерікті жастары ат салысты. Студенттер пандемия жағдайында тазалықты сақтауды түсіндіру мақсатындағы «Тазалық саулық негізі» атты флешмобты көрсетіп, домбырамен «Ақбұлақ» әнін орындады. Оқушылармен бірге сахнада ән айтып , би билеп көңіл-күйлерін көтерді. Шара барысында студенттер мен ерікті жастар оқушыларға өздерінің шағын сыйлықтарын да таратты.

Атап айтқанда, мектебіміздегі оффлайн форматта оқып жатқан 40 оқушыға дидактикалық ойынға арналған пазлдар, қыз балаларға қолға тағуға арналған моншақтар, АКТ залды безендіруге арналған түрлі шарларды алып келді.

Маңғыстау облыстық медициналық колледжі ұстаздары мен студенттері және ерікті жастарына  «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің әкімшілігі атынан ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың көңіл күйін көтеріп, қайырымдылық көрсеткендері үшін алғыс хаттар берілді.

            Шара соңында балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқан Маңғыстау облыстық медициналық колледжі ұстаздары мен студенттері және ерікті жастарына  алғыстар айтылып, «Игі іс жаса»  атты  қайырымдылық шарамыз «Жан жылуы» әнімен аяқталды.

© 2023. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .