ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

05.03.2021 жылы күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, мектебімізде жас мамандар арасында  «Ізденейік, үйренейік жас маман» атты мерекелік іс-шара өтті.

            Шара барысында жас мамандар өздерінің өнерлерімен, кәсіптік біліктілігімен, тапқырлығымен сайысқа түсті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

І кезең-Таныстыру

ІІ кезең-М.Мақатаевтың 90 жылдығына байланысты өлеңдері мен әндерін айту

ІІІ кезең-«Шебердің қолы ортақ» қол өнер

ІҮ кезең-«Білікті маман-ел тірегі» сұрақ-жауап

Ү кезең-«Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету

Жүргізуші сайыстың турларымен таныстырып, әділ баға беретін әділқазы алқаларын атап өтті.

            Мерекелік шара мектеп директоры Жалмуханова А.Е.  құттықтау сөзімен басталды. Әрі қарай қалалық кәсіподақ ұйымынан мектебіміздің бас аспазшысы Амирова Н., кіші қызметкер Саламатова С., бастауыш сынып мұғалімдері Тугелбаева С. пен Мурзабаева Б. марапатталды.

            Мерекелік шара жас мамандардың өнерлерін, кәсіптік біліктіліктерін тамашалаумен жалғасты. Сайысқа қатысқан жас мамандар сайыс соңында жүлделі орындармен марапатталды.

«Ізденейік, үйренейік жас маман» сайысының қорытындысы:

І орын-«Тәуелсіз елдің жастары» тобы

ІІ орын-«Самға» тобы

ІІІ орын-«Қыран» тобы

ІҮ орын-«Болашақ» тобы

© 2021. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .