«Үздік-арнайы білім беру ұйымдарының педагогы»-Есенаманова Гүляйым Бақытжанқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Мұғалімдер мерекесі қарсаңында алғаш рет Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бекітілді. Осылайша, конкурстық іріктеу арқылы төсбелгінің иегерлері анықталды. Байқауға барлығы 12 бағыт бойынша 175 педагог қатысты. Комиссия мүшелері мұғалімдердің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістігі мен шәкірттерінің жетістігіне баға берді. Байқау ережесі сәйкес жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен біржолғы сыйақы берілді.