13 қазан күні мүгедектер күніне орай, «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ата-аналар мен демеушілердің қатысуымен өтті.
Мерекелік концертіміздің шымылдығын мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы ашып берді.
Шара барысында мектебіміздің оқушылары Қаржауова Гүлбану «Мерекем» әнін, Сүйіндік Асылан Қошақаным әнін орындап, Полатбай Елсұлтан мен Қадірбай Перизат үнді биін, 8-9 сынып оқушыларынан құралған топ Флешмоб билеп көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар мектебіміздегі жас мамандар шара барысында өнер көрсетіп, белсенділік танытты. Соның ішінде биылғы оқу жылындағы жас маман Орысбай Жаңылсын оқушымыз Ялкасбай Нұрасылмен бірге Сурдо тілінде «Жить» өлеңін айтып шықты. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға қолдау білдіріп, концерттік бағдарламаға атсалысып, өнер көрсетуге оқушылар шығармашылық үйінің өнерпаз балалары келді. Концерттік бағдарламамыз әлеуметтік педагог Ислам Майра мен қалалық №24 мектеп лицейінің оқушысы Дүйжан Даниярдың орындауындағы «Жан жылуы» әнімен аяқталды. Шара соңында ата-аналар сөз сөйлеп, мектеп әкімшілігімен мамандарына өз алғыстарын жаудырды.