Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жыл сайын өтетін жаңа жыл мерекесі, эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс орталығында өтпеді. Оқушыларға берілетін сыйлықтарды өзіміз алып, оқушыларымызды ата-аналарымен бірге мектебімізге шақырдық. Мекеме басшысы Жалмуханова Аксауле Есбаевна оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тілегін айтты. Әлеуметтік педагог Ислам Майра Қалыбекқызы оқушыларға сыйлықтарын табыстады.
Мектебіміздегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары ішінен 5 оқушыға 100000(жүз мың теңге), балаларға арналған ертегілер кітабы, құттықтау қағаздары, тәттілер берілді.