ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Наурыз мейрамы іс - шараларында ұлттық құндылықтарды дамытып, ұлттық киімдерді кию, халық ойындарын ұйымдастыру, қоғамдық орындарда ұлттық музыканы ойнатуды қамтамасыз ету, салт-дәстүрді жаңғырту, оның өскелең ұрпақ арасында маңыздылығын ілгерілету арқылы өтетін мерекелердің бірі. Мектебімізде 14-22 наурыз аралығында мерекелік шара өтті.

  14 наурыз қазақтың жаңа жыл мейрамы күніне орай,  сынып жетекшілер «Амал келді –жыл келді» атты тақырыпта  ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Бұл күні жұрт бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. “Ұлыстың ұлы күні құтты болсын”, “Ақ мол болсын”, “Ұлыс оң болсын”, “Жаңа жыл құтты болсын!” деп біріне бірі бата-тілектерін айтып, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Ашық тәрбие сағаттарында оқушылар, мұғалімдер қазақтың ұлттық киімдерін киіп жақсы тілектерін айтып, бір-бірімен төс қағыстырып көрісті. Наурыз туралы тақпақтарын айтып, әндерін орындады.

© 2022. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .