ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Ақтау қаласында Балалар жылына орай, шағын футболдан 2022 жылдың 29 сәуір күні ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында облыстық жарыс өтті.

Ақтауда 16-21 жас аралығындағы ерекше балаларға арналған «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша облыстық жарыс өтті.

Жарысқа Ақтау қаласының арнайы мектеп оқушылары, Қарақия ауданының оқушылары және Жаңаөзен қаласының арнайы мектеп оқушылары қатысты.

Маңғыстау облысы мүгедектік спорт клубы басшысы Марат Бейсенбаевтың айтуынша, аталған шара ерекше балаларды спортқа баулиды. Денсаулықтарын нығайтады.

- Облыстық жарыс жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың да көңіл күйі көтеріліп, бір сергіп қалды. Осындай шаралар ерекше балаларға спортқа баулуға септігін тигізеді.

Облыстық жарыста:

І - орынға ие болған команда Ақтау қаласының арнайы мектеп оқушылары.

ІІ - орынға ие болған Жаңаөзен қаласының арнайы мектеп оқушылары.

ІІІ - орынға ие болған Қарақия ауданының оқушылары.

Жаттықтырушысы: Наукебаев Ғабит Жаңабергенұлы, Ізімбергенов Нұрсерік

© 2022. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .