29.04.2022 жылы күні 1 мамыр- Бірлік күніне орай «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты тақырыпта мектебіміздің музыка жетекшісі және тәлімгері Унайбаева Ж. ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің акт залында өтті. Мерекеге сай әр сыныптың оқушылары өзге ұлттардың киімдерін киіп, дәстүрлерін дәріптеді. Баяндауыш сынып оқушылары Түркмен, Қытай, Орыс, Татар ұлттарының ұлттық киімдерімен ортаға шығып әндерін айтып, сәлемдесу рәсімдерін көрсетті.
Бастауыштың мұғалімдері де оқушылармен бірге мерекеге ат салысып қазақтың ұлттық «Қара жорға» биімен көрерменді таң қалдырды. Әр ұлттың тағамдарын дайындап, жасалу жолдарын түсіндіріп өтті. Бір шаңырақ астында шараға қатысқан ұлт өкілдері «Достық» туралы әнін шырқады. Шара соңында мектебіміздің директоры сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.