25.05.2022 жылы күні жоспар бойынша мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын мектеп ауласында өткізілді, алаң мерекеге сай жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілген. Соңғы қоңырау жүргізушілердің дайындаған өлең шумақтарымен басталды.
Мектеп бітіруші түлектердің есімдері аталып ортаға шақырылды. Мектеп директоры Жалмуханова А.Е. түлектерді ерекше құттықтап сәттілік тіледі, мұғалімдерді, ата-аналарды марапаттады. Мектеп бітірушілері өздерінен кейінгі іні-сіңлілеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кілтін тапсырды. Осыдан кейін мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді. Мектеп бітірушілердің ата-аналары сөз сөйлеп ұстаздарға мектеп басшыларына алғыстарын жаудырды. Әрі қарай түлектер ұстаздарымен қоштасты. Әсем әндермен, қоштасу вальсімен салтанатты жиын аяқталды.