01.06.2022 жылы күні 1 маусым–Балаларды қорғау күніне және Балалар жылына орай, «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл, тәлімгер Унайбаева Жумагуль ұйымдастыруымен мектебіміздің ауласында өтті. Оқушыларды бүгінгі мерекемен мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы құттықтап сөз сөйледі. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар әндерін шырқап, тақпақтарын айтты. Мектебіміздің мұғалімдері, мамандары кейіпкерлердің киімдерін киіп, балаларға ойындар ұйымдастырып қуантты. Оқушылардың орындауында хор «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен мерекелік шара аяқталды.