Республикалық «Мектепке жол» акциясы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тамыз айында өткізілді. Акция қарсаңында қаламыздағы атаулы әрі ең ірі «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі»АҚ, «Бұрғылау» ЖШС мекемелері әлеуметтік аз қамтылған,
жартылай жетім және тұлдыр жетім отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырылып, хат жолданды. Нәтижесінде мектебіміздің 20 оқушысы киімдер, оқу құралдармен қамтамасыз етілді.