ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

01.09.2022 жылы күні «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай мектебімізде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынды құттықтау сөзімен ашқан мектеп директоры  Жалмуханова Ақсауле Есбаевна  өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, білім әлеміне қадам басқан 1 сынып оқушыларына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар, қонақтар қатысты. Мектепке алғаш қадам басқан нөлінші және бірінші сынып оқушылары таныстырылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мектебіміздің жас мамандары ән орындап өздерінің үлесін қосты. Шараға қатысқан ардагер ұстаздар, ата-аналар да жаңа оқу жылымен құттықтап тілектерін білдірді. Мектеп түлектері бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті құралдарды сыйға тарту етті.  Мектебіміздің 9А сынып оқушысы Суюндыков Абдурахман және 1А сынып оқушысы Төрехан Малика алғашқы қоңырау үнін қақты. Әрі қарай сынып жетекшілер сыныптарында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарымен жалғастырды.

© 2023. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .