Мектебімізде 07.09.2022ж. Дүниежүзілік денсаусық күні аталып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына жәрдемдесу, паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды дамыту.
Денсаулық күніне орай іс-шарамыз дене шынықтыру пәні мұғалімдері Г.Наукебаев пен Н.Ізімбергенов оқушыларға алдымен таңғы жаттығулар жасатып, әрі қарай мектебіміздің дефектолог мамандары М.Қуанышбекова және А.Жұмабаева оқушылар мен бірге флешмоб биін билеп, көңіл күй көтеріп, көңілдерін бір сергітіп алды. Басты жарысымыз ұзақ қашықтыққа жүгіру, оқушыларымыз және ұстаздар болып өз-ара бақтарын сынасты. Ұзақ қашықтыққа жүгіру сайысында 7А сынып оқушысы Нұрдавлетов Дидарбек мәреге бірінші болып келді. Ал ұстаздар арасында арнайы сынып мұғалімі Карасаева Назгуль мәре сызығын бірінші аттап жеңіске жетті.
Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбаевна жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, жарысқа қатысқан барша спортшыларымызға алғысын айтып, алдағы жарыстарда спортшыларымызға сәттілік тіледі.