05.09.-09.2022 жылы күні аралығында мектебіміздің логопеді Қуанышбекова Маржан «Менің отбасым-менің байлығым» атты бейнеролик сайысын өткізді. Бейнеролик сайысына 1-10 сынып оқушылары қатысты.
Сайыстың мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу және балаларды ата-анасын құрмет тұтуға тәрбиелеу, балалардың жаңа қырларын ашу.
Оқушылардың өздерінің отбасылары туралы бейнероликтер жасалды. Сайысқа барлық оқушылар қатысты. Логопед Қуанышбекова Маржан оқушыларды жүлделі орындармен марапатттады.