«Аяулы алақан» қайырымдылық концерт.
2018 жылдың 12 қазаны күні мүгедектер күніне орай «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ-сі мен Оқушылар шығармашылық үйі қызметкерлері бірлесе отырып «Аяулы алақан» тақырыбында қайырымдылық концерт өтті.
Мерекеге мектеп мұғалімдері, ата-аналары және оқушылар қатысты. Концерттік бағдарламада «Ерекше білм алуға қажеттіліктері бар балалар» мен Оқушылар шығармашылық үйінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Атап айтатын болсақ мектебіміздің 6 сынып оқушысы Сүндетбай Айзада, 6 сынып оқушысы Қаржауова Гүлбану, 9 сынып оқушысы Ережепбай Мақсат, «Хан» тобы, «Пай-Пай», «Батырлар ұраны» әні, «Айназ» би тобы, «Айналайын» вокал ансамблі, «Өнерге ғашық баламын» әнін, Жұмақожа Қазына «Анашым» әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
«Жаңашырлыққа-жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыры, қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осы шараға, қамқорлық көрсеткен Оқушылар шығармашылық үйі басшысы Молдабеков Асқар, Бетимова Тамара, Нуржанова Гульжахан, Ізтурғанова Алияға алғысымыз шексіз.
«Жаңаөзен жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ-нің басшысы А.Жалмуханова шара соңында Оқушылар шығармашылық үйінің басшысын, вокал жетекшісі Нуржанова Гульжаханға алғыс айтып, марапаттады.