ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

7
Наурыз
2023

07.03.2023 жылы күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің бәйтерегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

            Мерекелік шара мектебіміздің музыка жетекшісі Сериков Арсеннің орындауында «Біздің елдің қыздары» атты әнімен ашылды. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді. Сонымен қатар, білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие беруде қосқан елеулі еңбегі

1
Наурыз
2023

1 наурыз –Алғыс айту күніне орай «Алғыста шек болмайды» атты тақырыпта сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

         Ашық тәрбие сағатында барлық сынып тақырыпқа сай безендірілген. Сынып жетекшілер оқушылармен бірге сыныптарға саяхат жасап, бір-бірлеріне алғыстарын айтты. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Сынып жетекшілер тақырып туралы толық мағлұмат берді, музыкалық сәлемдемелер жолдады. Оқушылар  ата-аналарына, ұстаздарына өз қолдарымен жасаған алғыс хаттарын сыйға тартты.

23
Ақпан
2023

"Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 ақпан күні ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мектебімізбен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбие – білім беру үрдісінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік беретін жұмыстың бір түрі болып табылады.

            Бұл іс-шараның мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату және  оң имиджімізді қалыптастыру.

21
Ақпан
2023

2023 жылдың ақпан айының 21 күні мектебімізде жоспар бойынша өрттен сақталу жұмыстары атқарылып өтті. Өрт дабылы белгі берген соң мекеме ішіндегілер бірден сыртқа ағылды.

          Біріншіден біздің міндетіміз барлық оқушыларды, қызметкерлерді эвакуация бойынша мектептен шығару. Дабыл түймесі соғылғанда  өрт сөндірушілердің келулерінің алдында мектеп ауласын босату, оқушыларды өрттен әрі қарай шығару. 

9
Ақпан
2023

09.02.2023 жылы күні қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі пән мұғалімдері «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық кеш өткізді.

         Іс- шараны мектебіміздің жас маманы Жұмабаева Ақсана «Айтатын саған сырым бұл» атты ән шашумен ашты. Әрі қарай ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасалды. Поэзиялық кеш барысында ақын Мұқағали Мақатаевтың  «Өмір», «Фариза қыз», «Қарылғашым келдің бе?» атты өлең шумақтарын мектебіміздің ұстаздары мәнерлеп жатқа оқыды. Іс- шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектебіміздің кітапханашысы Кемалова Айбибі ақынның

3
Ақпан
2023

2023 жылдың 3 ақпанында -  «Менің Отаным-Қазақстан» атты  оқушылар арасында мектепшілік патриоттық ән байқауын өткіздік. Байқауға 1–10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. 

18
Қаңтар
2023

Қаңтардың 18-күні «Отбасында баламен қарым қатынас жасаудың психологиялық мәселелері» атты ата-аналар  арасында тренинг жүргізілді.

5
Қаңтар
2023

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдасатырылған «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты жаңа жыл мерекесі облыс орталығында 25.12.2022ж «Grand Nur Plaza» салтанат залында өтті. Жаңа жылдық мереке арнайы ұйымдастырылған бағдарлама бойынша өткізілді. Жаңа жылға мектебіміздің директоры, жауапты мамандар, медбике, мерекеге іріктеліп алынған 5 оқушы қатысты. Мерекелік шарада әсем шырша, аяз ата мен ақшақар, ертегі кейіпкерлері, әсем шырша, оқушыларға арналып жасалған дастархан болды. Мереке соңында оқушылар  кейіпкерлермен естелікке суретке түсті. Оқушыларға берілетін сыйлықтарды алдын ала өзіміз алып, оқушыларымызға ата-аналарымен бірге мектебімізге шақырып таратып бердік.

© 2023. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .