МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні» бойынша, мектепте оқушылармен алдын алу бағытында төмендегідей іс-шаралар жоспары құрылып, ұйымдастырылып өткізілді.
Жоспарға сай, 01 желтоқсан 2022 жылы арнайы мектеп мұғалімдері бастауыш және баяндауыш сыныбындағы оқушыларға сауаттылығын анықтау мақсатында «ЖИТС туралы не білесің?» тақырыбында сауалнама алды, сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың сауаттылығы орташа деңгейде екендігі анықталып, оқушылармен қосымша ағарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар СПИД-тің адам өміріне келтіретін нұқсаны жайлы кеңінен хабардар етті.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңа жыл мерекесі - әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл мерекесі оқушылардың жүздеріне әрқашан шаттық, күлкі сыйлайтын, көңілдерін көтеретін мерекелердің бірі. Бәріміз Жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Биыл мектебімізде 2022 жыл Жаңа жыл мерекесі 26.12-30.12 күні аралығында жоспарланып, сынып жетекшілер «Қош келдің, Жаңа жыл» атты тақырыпта мерекелік шараны уақытылы акт залда өткізді. Акт зал мерекеге сай безендірілген.
Сценария бойынша өткізген жаңа жылдық шыршаға аңдар, Аяз ата мен Ақшақар да қонаққа келді. Оқушылар Аяз атаға тақпақтарын, өздерінің жылы тілектерін айтып, ризашылығын білдірді. Әрі қарай бимен, ән айтумен және концерттік бағдарламамен жалғасты.
5
Қаңтар
2023
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
15.12.2022 жылы күні мектебімізде 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толды. Бұл–қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз бір жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Осы орайда мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай, жас мамандар және оқушыларымыз ат салыса қатысты. Музыка жетекшіміз Сериков Арсен мерекелік шараны «Жаса Қазақстан» әнімен ашып берді.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
23.11.2022 жылы күні жоспар бойынша музыка жетекшісі Сериков Арсен оқушылар арасында «Таланттар арамызда» атты тақырыпта ән байқауын өткізді.
Шараның жүргізу барысын музыка жетекшісі өлең шумақтармен ашты. Бүгінгі өнер байқауының мақсаты - шығармашыл, дарынды жастарды анықтау. Байқауға қатысушылар ереже бойынша еркін тақырыпта ән орындады.
Оқушылар сахнада өздерінің сүйікті әндерін орындап, көрермендерді таң қалдырды.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2022 жылдың қараша айының 24-і күні мектебімізде дәуірдің кемеңгер қаламгері әдебиет атты мұхиттың, буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейін әлемнің назарын өзіне аударған шебер майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай қазақ тілі мұғалімдері Қанатова Алмагүл мен Мусаева Маржан «Махаббат қызық мол жылдар» атты тақырыпта әдеби кеш өткізді.
15
Қараша
2022
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
11.11.2022 жылы күні мектебімізде жылдағы дәстүрлі мерекеге айналған «Берекелі, Алтын күз!» атты күзгі бал мерекесі өтті.
Күзгі бал мерекесі сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа әр сыныптан 6 жұп қатысты. Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Күзгі сый», «Сән үлгісі» шарттары бойынша сынға түсті. Бұл кештің ерекшелігі күзгі балдың Ханзадасы мен Ханшайымын іріктеп шығару. Сайысқа әділ баға беретін әділ-қазы мүшелері тағайындалып, сайыскерлерді 3,4,5 ұпай бағаларымен бағалады.
Әділ-қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, күзгі балдың ханшайымы мен ханзадасын анықтады. Алайда сайыс қорытындысы бойынша қалыс қалған жұп болған жоқ. Әрқайсысының көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялармен марапаттады.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
21.10.2022 ж. мұғалімдер және оқушылар арасында 25 қазан Республика күніне орай, ұлттық спортты насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ ойынынан сайысып, ұстаздар және оқушылар бақтарын сынады және тағы шашка, шахмат спорттық ойынынан мектепшілік жарыс өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді ОІО Момбаева Айгуль Толекбайқызы оқушыларды, ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, ұстаздар және оқушылар қауымына жаңа табыстар мен жаңа белестер тіледі. Жарысымызды Қазақстан Республикасының ән ұранын бәріміз бірге шырқап, аталған жарысымызды бастап кеттік.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
17-21.10.2022 жылы күні аралығында мектебіміздің медбикесі және психиатр дәрігердің тарапынан «Денсаулық-көңіл айнасы» атты тақырыпта кеңес өткізді.