МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
15
Қараша
2022
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Халқымыз бағзы заманнан толеранттылық, қамқорлық, мейірімділік пен жұмыла көмек көрсету сияқты қасиеттерімен, мәдениетімен тарих беттерінде келе жатыр. Бүгінгі таңда сол баба дәстүрі, асыл қасиеттері мызғымастан жалпыұлттық ауқымға ие болып келеді.
Ұлтымызды ұлықтап, жасампаздық, татулық және қайырымдылық мәдениетін одан әрі дамыту үшін ұлттық мереке Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясын өткізу республика көлемінде жоспарланған болатын.
15
Қараша
2022
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазан айында мектебімізде жоспар бойынша сынып жетекшілер оқушылардың қатысуымен челлендж ұйымдастырды. Құттықтау челлендж барысында әр сыныптың оқушылары Республика күніне құттықтау тілектерін, патриоттық әндерін, өлең шумақтарын оқып, би жаттығуларын орындап, өз үлестерін қосты. Оқушылардың қатысуымен орындалған челлендж мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды. Барлық сыныптардың түсірген бейнеролигін қорытындылап акт залда көрсетілді. Арнайы челлендж ай бойы жалғасты.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
30.09.2022 жылы күні мектебімізде қазан айының бірінші күнінде дәстүрлі мерекемізге айналған қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта қарттармен кездесу өтті. Мектебімізде қазыналы қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралардың жастар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, оралы сөздерден өнеге алуға баулуда атқаратын рөлі ерекше екені сөзсіз. Қарты бар үйдің - қазынасы бар деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя - шынында да, қазыналы берекелі жанұя. Өйткені кез келген ата – ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
13
Қазан
2022
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Бар мейіріміміз балаларға!
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»,-деген екен дана халық. Қайырымдылық –халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Бар мейіріміміз балаларға!» дегендей қамқорлықты алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызы мектебімізде «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты тақырыпта мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын мектебіміздің басшысы Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау сөзімен ашылды. Мектебіміздің басшысы ұжымды мерекемен құттықтап, ұстаздарға Маңғыстау облысының білім басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс және құрмет грамоталарымен марапаттады.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
15-23.09.2022 жылы күні аралығында жолда жүру ережесі мен қауіпсіздігін сақтау айлығы барысында жоспар бойынша «Жолдан абай бол!» атты сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
20
Қыркүйек
2022
|
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
14.09.2022 жылы күні мектебіміздің акт залында психолог Қалапбаева Айгүл ата-ана, оқушының қатысуымен «Отбасы–бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге мектебіміздің әр сыныбынан бір ата-анадан қатысты. Дөңгелек үстел алдын ала дайындаған жоспар бойынша жүрді. Ата-ана, бала, мектеп, аясында әңгіме айтылды. Соңында ата-аналардан сауалнама алынды. Патриоттық, рухани күш беретін әңгімелер айтылды.
- Толығырақ
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
12.09.2022 жылы күні мектебіміздің логопед-дефектолог мамандары Жұмабаева Ақсана, Қожабергенова Нургүлдің жоспар бойынша ұйымдастыруымен 1-10 сыныптар арасында флешмоб іс-шарасы өтті. Акт залда бұл іс-шараға барлық оқушылар қатысты. Алдымен ұйымдастырушылар отбасы күнімен құттықтап, әдемі би шарасын өткізуге сәттілік тіледі. Әрі қарай үзінді әуендермен флешмоб биімен жалғастырды. Бұл шара барлық оқушыларға жақсы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.