ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

15
Сәуір
2022

17 наурызТарихқа тағзым күніне орай мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызы және тәлімгер Унайбаева Жансұлу  жауапкершілігімен  мектеп жасындағы оқушылардың caнacынa ұлттық құндылықтapымызды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында оқушыларды автобуспен Жаңаөзен қаласындағы мұражайға  апарды.

15
Сәуір
2022

16 наурыз -Шежіре күні. Қазақстанда 14 наурыз - Амал мерекесі болса, бүгін, яғни 16 наурыз - Шежіре күні болып белгіленген. Қазақ - ата тек, арабтар шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.  Осы орайда мектебімізде тәлімгер Унайбаева Жұмагүлдің ұйымдастыруымен

15
Сәуір
2022

15 наурыз –Жайлау күні. Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады, алаңдарды сыпырып, қардан, қоқыстан тазартады. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі.

Жайлау күніне орай еңбек пән мұғалімі Бекишов Оразбай оқушылармен бірге табиғат аясында серуендеу, көшет егу, қоқыс тазарту шараларын ұйымдастырып  сенбілік жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен бірге мектептің ауласына тазалық жұмыстарын жасап, жерлерді қопсытып, ағаштар отырғызды. Өсіп тұрған ағаштарды әктеп жан-жағын қоқыстардан тазалап,тазалық жұмыстарын жүргізді.

15
Сәуір
2022

Наурыз мейрамы іс - шараларында ұлттық құндылықтарды дамытып, ұлттық киімдерді кию, халық ойындарын ұйымдастыру, қоғамдық орындарда ұлттық музыканы ойнатуды қамтамасыз ету, салт-дәстүрді жаңғырту, оның өскелең ұрпақ арасында маңыздылығын ілгерілету арқылы өтетін мерекелердің бірі. Мектебімізде 14-22 наурыз аралығында мерекелік шара өтті.

15
Сәуір
2022

04.03.2022 жылы күні көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне, орай жас мамандар жетекшісі Карасаева Назгүл жас мамандар арасында «Жарқыра, жаса, жас маман!» атты байқауын өткізді.

15
Сәуір
2022

28.01.2022 жылы күні мектебіміздің жас мамандар жетекшісі Карасаева Назгүл «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты тақырыпта  мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізді.

15
Сәуір
2022

      2022 жылдың наурыз айында жоспар бойынша сынып жетекшілер көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекелердің бірі «1 наурыз -Алғыс айту күні» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

      Ашық тәрбие сағаттары алғыс айту кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатында оқушыларға сынып жетекшілер қысқаша мерекенің мақсаты мен тарихы туралы мәлімет беріп өтті.

15
Сәуір
2022

16.02.2022 жылы күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Сагындикова Меруерт ата-аналар арасында «Аутист баланың танымдық қабілеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

© 2023. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .