МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
.jpeg)
2020 жылдың 5-ші наурызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы өтті.
.jpeg)
2020 жылдың 4-ші наурызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де жас мамандар жетекшісі Сандыбаева Камардың ұйымдастыруымен «Абай әлемі және жастар» тақырыбында сайыс өтті.

2020 жылдың ақпан айының 27-28 күндері 1 наурыз-Алғыс айту күніне байланысты сынып жетекшілер «Алғыс айту парызым» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Ашық тәрбие сағаттарында оқушылар өздерінің салған суреттерін, ата-аналарына, ұстаздарға жылы лебіздерін айттып, ән шырқап, би биледі.

Ақпанның 12-і күні ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жанаөзен арнайы мектебі» КММ-де қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі мен кітапханашы «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кеш өткізді.

26 желтоқсан күні Оқушылар шығармашылық үйі мен ЖШС «Бұрғылау» жастары, ата-ана комитеті Төреханова Бақыт, қаланың жас кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен «Төрлет Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

2019 жылы 24 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Хан-Шахар» салтанат сарайында ҚР Президентінің атынан «Біз-еліміздің жарқын болашағымыз!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті.

2019 жылы 13 желтоқсан күні «Жанаөзен арнайы мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнайы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шара әнұраннан басталды. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтап мектебіміздің медбикелері мен асхана қызметкері Тлесова Слуша, Садинова Шынар және Әлиева Салтанатты мереке қарсаңында еленген еңбегі үшін марапаттады.
10
Желтоқсан
2019
|
.jpeg)
«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де 2019 жылдың 27.11-5.12 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай іс-шаралар өткізілді.
27.11.19 жылы күні кітапханашы Кемалова Айбибі Президент күніне орай мектепшілік бұрыш жасақтады.