МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Наурыз айының 20-шы жұлдызында "22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні" қарсаңында жылда өтетін дәстүрге сай қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысы той әнімен басталып, мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау тілегімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектебіміздің директоры білім жүйесіндегі қажырлы еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы белсенді қызметі үшін Туякбаева Жадрасын, Дошимова Қымыз, Джумалиева Айжазық марапатталды.
14
Наурыз
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз – "Көрісу күні" амал мерекесіне орай, сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып іші мерекеге сай безендірілген.
Амал мерекесі қарсаңында «Бауырсақ party» шарасы да ұйымдастырылды. Бірлестіктер бойынша бауырсақтың түрлерін пісіріп дайындады.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
07.03.2023 жылы күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің бәйтерегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің музыка жетекшісі Сериков Арсеннің орындауында «Біздің елдің қыздары» атты әнімен ашылды. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді. Сонымен қатар, білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие беруде қосқан елеулі еңбегі
1
Наурыз
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
1 наурыз –Алғыс айту күніне орай «Алғыста шек болмайды» атты тақырыпта сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
Ашық тәрбие сағатында барлық сынып тақырыпқа сай безендірілген. Сынып жетекшілер оқушылармен бірге сыныптарға саяхат жасап, бір-бірлеріне алғыстарын айтты. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Сынып жетекшілер тақырып туралы толық мағлұмат берді, музыкалық сәлемдемелер жолдады. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына өз қолдарымен жасаған алғыс хаттарын сыйға тартты.
23
Ақпан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
"Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 ақпан күні ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мектебімізбен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбие – білім беру үрдісінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік беретін жұмыстың бір түрі болып табылады.
Бұл іс-шараның мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату және оң имиджімізді қалыптастыру.
21
Ақпан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2023 жылдың ақпан айының 21 күні мектебімізде жоспар бойынша өрттен сақталу жұмыстары атқарылып өтті. Өрт дабылы белгі берген соң мекеме ішіндегілер бірден сыртқа ағылды.
Біріншіден біздің міндетіміз барлық оқушыларды, қызметкерлерді эвакуация бойынша мектептен шығару. Дабыл түймесі соғылғанда өрт сөндірушілердің келулерінің алдында мектеп ауласын босату, оқушыларды өрттен әрі қарай шығару.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
09.02.2023 жылы күні қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі пән мұғалімдері «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық кеш өткізді.
Іс- шараны мектебіміздің жас маманы Жұмабаева Ақсана «Айтатын саған сырым бұл» атты ән шашумен ашты. Әрі қарай ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасалды. Поэзиялық кеш барысында ақын Мұқағали Мақатаевтың «Өмір», «Фариза қыз», «Қарылғашым келдің бе?» атты өлең шумақтарын мектебіміздің ұстаздары мәнерлеп жатқа оқыды. Іс- шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектебіміздің кітапханашысы Кемалова Айбибі ақынның
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2023 жылдың 3 ақпанында - «Менің Отаным-Қазақстан» атты оқушылар арасында мектепшілік патриоттық ән байқауын өткіздік. Байқауға 1–10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.