МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|

29.04.2022 жылы күні 1 мамыр- Бірлік күніне орай «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты тақырыпта мектебіміздің музыка жетекшісі және тәлімгері Унайбаева Ж. ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің акт залында өтті. Мерекеге сай әр сыныптың оқушылары өзге ұлттардың киімдерін киіп, дәстүрлерін дәріптеді. Баяндауыш сынып оқушылары Түркмен, Қытай, Орыс, Татар ұлттарының ұлттық киімдерімен ортаға шығып әндерін айтып, сәлемдесу рәсімдерін көрсетті.

Ақтау қаласында Балалар жылына орай, шағын футболдан 2022 жылдың 29 сәуір күні ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында облыстық жарыс өтті.
Ақтауда 16-21 жас аралығындағы ерекше балаларға арналған «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша облыстық жарыс өтті.
Балалар жылына орай, 15 сәуір күні «Аяулы алақан» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Балалар жылына байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық акция қарсаңында мектебіміздің ұстаздары 60000 теңге (алпыс мың теңге) қаржылай көмек көрсетті. Берілген қаражат мектебіміздің әлеуметтік қолдауды қажет ететін екі оқушы отбасына берілді.

«Жаңаөзен арнайы мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, мектебімізде спорттық іс-шаралар өкткізілді. Атап айтқанда оқушылар таңғы жаттығу жасап және флеш-моб билеп, алыс қашықтыққа жүгіріп өз ара бақтарын сынасты.
15
Сәуір
2022
|

22 наурыз –ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Одан әрі бұқаралық мереке Наурыз шеруге ұласады. Сахнада ұлттық ойындармен ән айтуға ұласады. Осы орайда мектебімізде үйден оқытатын ұстаздардың жауапкершілігімен мерекелік шара өтті.
Шара барысы мектебіміздің музыка жетекшісі Жолдыбаев Еламанның орындауында «Наурыз» әнімен басталды. Әрі қарай мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы Наурыз мерекесімен ұстаздарды, кіші қызметкерлерді құттықтап сөз сөйледі.
15
Сәуір
2022
|
21 наурыз –Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірлейеді. Қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.
Мектебімізде Ұлттық тағамдар күніне орай ардагер ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында наурыз көже пісіріліп жарыс өтті.
15
Сәуір
2022
|

19 наурыз –Шымырлық пен шеберлік күні. Бұл күні ұлттық спорттық және қолөнер шаралары өтеді. Осы орайда мектебімізде Шымырлық пен шеберлік тақырыбына байланысты дене, еңбек пән мұғалімдердің жауапкершіліктерімен спорттық және қолөнер іс-шаралары өз деңгейінде өтті.
18 наурыз-Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі. Аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Осы орайда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ислам Майраның ұйымдастыруымен мектебімізде Игі істер қайырымдылық шарасы өтті.