МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
Ата-аналар арасында өткізген кеңес барысында Логопед Дуйжанова Айда тақырып бойынша ең алдымен баяндама оқып, тақырыпты түсіндіріп өтті. Шараға әр сыныптың ата-аналары қатысып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Өз ойларын да айтып өтті. Ата-аналар арасында өткен кеңеске мектеп әкімшілігі және логопед, дефектолог мамандары да қатысты. Ата-аналардың тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына Логопед Дуйжанова Айда былай деп жауап берді

«Жаңа жыл» мерекесіне орай ЖШС «Бұрғылау» мекемесінің басшылығы және «Халық Банк» біздің «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 122 оқушысына жаңа жылдық тәттілер сыйлады
Бүкіл әлемде балалардың асыға күтетін мерекесінің бірі жаңа жыл шыршасы биыл мектебімізде 23.12-30.12 аралығында жоспарланып, сынып жетекшілер «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты тақырыпта мерекелік шараны уақытылы өткізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жыл сайын өтетін жаңа жыл мерекесі, эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс орталығында өтпеді. Оқушыларға берілетін сыйлықтарды өзіміз алып, оқушыларымызды ата-аналарымен бірге мектебімізге шақырдық. Мекеме басшысы Жалмуханова Аксауле Есбаевна оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тілегін айтты. Әлеуметтік педагог Ислам Майра Қалыбекқызы оқушыларға сыйлықтарын табыстады.
Мектебіміздегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары ішінен 5 оқушыға 100000(жүз мың теңге), балаларға арналған ертегілер кітабы, құттықтау қағаздары, тәттілер берілді.

15.12.2021 жылы күні мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік -ел тұғыры» атты мерекелік іс-шара коцерттік бағдарламамен өтті.
Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалғанына 30 жыл толғаны барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Тәуелсіздік мерекесінің тұрақты түрде аталып өтіліп келе жатқанына биыл 30 жыл болды.
3
Ақпан
2022
|

13-15.12.20221ж. аралығында мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өту аясында сынып жетекшілер «Тәуелсіздік-ел тұғыры» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
3
Ақпан
2022
|
1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде «Менің тұңғыш президентім» атты тақырыпта сабақ кестесі бойынша сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

17.11.2021 күні мектебімізде «Күзгі балл-2021» сайысы өткізілді. Мақсаты: «Күзгі балл» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Сайыстың шарттары:
1 – тур: Таныстыру
2 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
3 – тур: Сән үлгісі
4 – тур: Көрме. Икебана жасау.